Сайлау учаскелері жабылды
Қазір ел аумағындағы барлық учаскелер жабылды. Әне-міне дегенше бюллетень санау басталады. Астанадағы Ұлттық кітапханада орналасқан 129 сайлау учаскесінен әріптесім Елдос Есенбол тікелей эфирге қосылып жағдайды баяндауға дайын. Елдос, сөз кезегі өзіңде. Бюллетень санау басталды ма?
Елдос Есенбол, тілші:
Дәл қазір 129 сайлау учаскесінің төрағасы сайлау процесінің қалай өткенін баяндап жатыр. Ары қарай мына менің артымдағы жәшікті ашып бюллетень санау басталады. Санаулы сәттен кейін дәл осы учаскеге тіркелген азаматтардың қандай таңдау жасағаны белгілі болады. Мұнда 2476 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 35-і алғаш рет осындай саяси науқанға қатысты. Сайлау комиссиясы төрағасының ақпаратынша жастар да, орта жастағы да, егде жастағы азаматтар да белсенді болыпты. Дауыс беру кезіндегі ешқандай тәртіп бұзу фактісі болмаған.
Құрылтай сайлауы күні жалпы 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 10 344-і Қазақстанда. 170 сайлау учаскесі таңғы сағат алтыдан жұмысын бастап кетті. 17 мыңнан астам азамат тіркелген учаскесінен басқа жерде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін алған.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05
Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды іске асырады
15.09.2026, 17:02
Қазақстан мен Корея сауда айналымын екі есе арттырмақ
15.09.2026, 17:00
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09