Шымкентте сайлау учаскелері жабылды
Шымкент тұрғындары да ел ертеңі үшін маңызды сайлауда белсенділік танытты. Қазір шаһардағы 365 сайлау учаскесі жабылып, учаскелік комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті. Шымкенттегі әріптесім Ернұр Уәлихан тікелей байланыста. Ернұр, мегаполистегі ахуал қандай? Сайлау барысы қалай өтті?
Ернұр Уәлихан, тілші:
Қазір Шымкенттегі барлық 365 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Бүгін мегаполис жұртшылығы Құрылтай құрамына қатысты өз таңдауын жасады. Шаһар бойынша сайлаушылар тізіміне 713 мыңнан астам азамат енгізілген. Олардың қатарында алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған 10 мыңнан астам жас бар. Оның 66-сы дәл бүгін 18 жасқа толып отыр. Ал жасы 100-ден асқан 17 шымкенттік те сайлаушылар тізімінде бар. Біз қазір №101 сайлау учаскесіндеміз. Мұнда да дауыс беру аяқталып, учаскелік комиссия мүшелері бюллетеньдерді санап, нәтижелерді хаттамаға енгізуге кірісті. Айта кетейік, шаһардағы учаскелердегі ашықтықты қамтамасыз етуге мыңға жуық байқаушы атсалысты. Олардың 17-сі шетелдік сарапшылар.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17