Олимпиада ойындарын «KAZsport» және «Хабар» телеарналары көрсетеді
Сочиде өтетін ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарын қазақстандықтар «KAZsport» және «Хабар» телеарналары арқылы тамашалай алады. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мұрағат және ақпарат комитетінің төрағасы Болат Қалианбеков мәлім етті.
Биыл тұңғыш рет Олимпиада ойындарын ««Хабар» және «KAZsport» телеарналары көрсету құқығын алып отыр, деп атап өтті Болат Қалианбеков.
Оның айтуынша, қазақстандықтар Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын 7 ақпан күні Астана уақыты бойынша кешкі сағат 22.00-де көре алады.
Ашылу рәсімі 3,5 сағатқа жалғасады. Ал, Олимпиаданың жабылу рәсімі 23 ақпанға жергілікті уақытпен кешкі сағат 22.00-ге жоспарланған.
«Жалпы, тікелей эфир арқылы 19 көрсетілім және 350 сағаттық хронометражды жазылым жоспарланған», дейді комитет төрағасы. Оның ішінде «Хабар» - 51 көрсетілім, оның 34-і тікелей эфир, «KAZsport» - 140 көрсетілім, оның 78-і тікелей эфир арқылы ұсынылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00