Жыл соңына дейін 185 мың шақырым жол цифрландырылады
Премьер министр Олжас Бектенов автожол, теміржол және авиация салаларында енгізіліп жатқан заманауи цифрлық шешімдермен танысты. Елімізде аталған салаларды цифрландыру жұмыстары қарқын алып келеді. Мәселен, автожол бағытына жасанды интеллектімен жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр. Ол заңбұзушылықтарды анықтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта авиацияда жолаушыларды жылдам тексеретін және шетелдік туристерге электрондық рұқсат беретін жүйелер қолданылса, теміржолда пойыздар мен вагондардың техникалық жағдайын қашықтан бақылау мүмкіндігі пайда болады. Бұдан бөлек, алдағы үш жылда 2 мың 200 шақырым жаңа теміржол салып, транзит көлемін 77 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланған.
Серік Имашев, «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» РМК бас директоры:
E-Joldar жүйесі жолдардың сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Ол трасса жағдайын, қолданылған материалдардың деңгейін және жөндеуге кеткен шығындарды қадағалайды. Қазірдің өзінде 41 мың шақырымнан астам магистраль цифрландырылды. Жыл соңына дейін еліміздегі 185 мың шақырым жолдың барлығын автоматтандыру жоспарланып отыр.
Думан Сембаев, «Kazdream
special systems» ЖШС бас директоры:
Smart Cargo – халықаралық жүк тасымалын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа. Жүйеге 58 цифрлық сервис біріктірілген. Соның арқасында тауардың қай жерде екенін және оның қозғалысын толық бақылауға болады. Жүктердің шекарадан өту жылдамдығы 30%-ға артып, бақылау пунктінде кезекте тұру уақыты 10 есеге қысқарды.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32