Сарапшылар: Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезеңнің бастауы
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған сараптамалық алаңға жиналғандар Құрылтай сайлауының алғашқы нәтижелерін және елдің саяси дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын талқылады. Сайлаушылардың 70 пайыздан астамы дауыс беруге қатысты. Бұл қоғамның саяси бағытын қолдайтындардың жоғары екенін көрсетеді, дейді аталған институт директоры Жандос Шаймарданов. Талқылауға халықаралық саясаттанушылар, сарапшылар да қатысты. Олар сайлауды Қазақстанның жаңа саяси моделін қалыптастырудағы маңызды кезең деп бағалаған.
Азамат Байғалиев, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ҚЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Халықаралық қоғамдастық та Қазақстандағы саяси науқандарды бақылап, еліміздің қай бағытта дамып келе жатқанын көріп отыр және олар бұл талпынысты жоғары бағалайды. Мұны сайлау барысы туралы пікір білдірген саясаттанушылар мен халықаралық байқаушылардың сөздерінен де байқауға болады. Олардың айтуынша, науқан кезінде айтарлықтай мәселе туындамады, бәрі қалыпты жағдайда өтті.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17