Түркістан облысында 47 мың гектардан аса жер қайтарылды
Түркістан облысында 47 мың гектардан астам жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Десе де елдімекендерде әлі де 365 мың гектар жайылым жер тапшы. Қазір өңірде арнайы құрылған жұмыс тобы игерілмей жатқан жерлердің есебін жүргізуде. Аудан-қала әкімдіктері тарапынан 258 мың гектар жер учаскесіне қатысты хабарлама беріліп, біразын кері қайтару үшін сотқа талап арыз түсірілген. Мәселен Келес ауданында аудандық прокуратураның жүйелі жұмысының нәтижесінде 2,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтіп, ортақ жайылым ретінде пайдалануға берілді.
Дәулет Әділбеков, Келес ауадындық
прокуратурасының аға прокуроры:
Бүгінгі таңда аудан прокуратурасымен пайдалану мерзімі аяқталған және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару бағытында талдау жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни меншік иесін анықтап, оны мақсатына пайдаланып жатқан жері барлығы анықтау жұмыстары, талдау жұмыстары жүргізіліп, қайтарылатын болады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17