800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ сотталды
Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тергеу дерегінше, әккілер екі жыл бойы заң талаптарын айналып өтіп, техникалық регламентке сай келмейтін 642 жүк көлігін елде заңсыз тіркеген. Кейін қылмыстық схема жеңіл көліктерге ауысқан. Заңсыз әкелінген машиналарға Қазақстанда бұрын есепте тұрған темір тұлпарлардың VIN-кодтары беріліп, тағы 209-ы тіркеуге қойылған. Бұл іске полиция қызметкерлері, халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары мен нотариустар да тартылған. Олар ақпараттық жүйелерге жалған дерек енгізіп, жалған сенімхаттар рәсімдеген.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Тергеу барысында көлік иелері алғашқы тіркеу алымдарын өз еркімен төлеп, нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Сонымен қатар сот үкімімен сотталғандардың қылмыстық табысқа сатып алған бес автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді. Бұрынғы төрт полиция қызметкері арнайы атақтарынан айырылды. Қатысы бар нотариустарға сот нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32