Пәкістанда аурухана өртеніп, 15 нәресте жан тапсырды
Пәкістанда Медициналық ғылыми институттың ғимараты өртеніп, жаңа туған 15 бала шетінеп кетті. Қайғылы оқиға бүгін ел астанасы Исламабадта болды. Ана мен бала денсаулығы бөлімінде жалпы алғанда 16 бөбек жатқан. Солардың біреуі ғана құтқарылды. Жергілікті «Гео» телекомпаниясының хабарлауынша, өрт салқындатқыш жүйесіндегі ақаудан басталса керек.
Трагедиядан кейін ел премьер-министрі Шехбаз Шариф мәлімдеме жасап, оқиғаның себебін дереу тергеп, кінәлілерді қатаң жазалауға бұйрық берді. Тағы бір айта кететін жайт - жанып кеткен нәрестелердің кейбірін әкелері көріп те үлгермеген.
Жергілікті тұрғын:
Менің әйелім қыз туған еді. Оны көру бұйырмады. Аурухананың осы бөлімінің жағдайы өте нашар болды. Өртке дейін бұл жерге сегіз күн бойы келіп жүрдім. Ғимаратта апатты жағдайда шығатын есік болмады және өрт сөндіретін құралдарды көрмедім. Есіктерінің бәрі мықтап жабылған. Дәрігерлер біз жиі келмесін деп солай істеген шығар.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27