Ақмола облысындағы 9 мектепке газ қосты
Ақмола облысының 9 білім беру ұйымы табиғи газға қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағында көтерілген мектеп инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарымен тікелей сабақтасып жатыр. Жинаққа енген идеялар білім саласын жүйелі дамытуды мақсат етеді.
Өткен оқу жылында Аршалы ауданының бес мектебінің жылу қазандықтары газға толық
ауыстырылса, биыл тағы 4 білім ошағын газандыру жұмыстары қолға алынды. Олардың
қатарында бөбекжай да бар. Жаңа жүйе автоматты режимде жұмыс істеп, қыста
ғимаратты біркелкі жылытады дейді
мамандар.
Мектеп инфрақұрылымын жақсарту мақсатында өңірде 1620 орындық 2 жаңа мектептің
құрылысы жүріп жатыр. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 9
заманауи мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Аманай Сейітқасымов, Ш.Уәлиханов
атындағы Көкшетау университетінің профессоры:
«Әділетті қоғамға –шыншыл сөз» кітабы бұл дер кезінде қолға алынған бағдаршамымыз ретінде ғой. «Жайлы мектеп» идеясы маған қатты ұнайды. Қазіргі заманауи талаптарға сай мектептерге барып жүрміз. Шынымен жайлы мектеп. Яғни баланың оқуына, зерттеумен айналасуына, ғылыммен айналасуына, физикалық түрде, рухани түрде дамуына көп жағдайлар жасалған.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32