Басты Жаңалықтар 2029 жылға дейінгі цифрландыру жоспары бекітілді

2029 жылға дейінгі цифрландыру жоспары бекітілді

Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру жоспарын бекітті. Жобаға сәйкес 2029 жылға қарай мектеп, колледж және жоғары оқу орындары түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ дағдыларын меңгереді. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты кемінде 50%-ға қысқарады. Денсаулық сақтау, көлік, энергетика, салық және ауыл шаруашылығы салалары цифрландырылады. Жоспардың жеке бағыты қалалық ортаның қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырумен байланысты. 2028 жылға қарай екінші деңгейдегі банктердің кемінде 80%-ын ақпаратпен қауіпсіз алмасудың цифрлық жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Отандық IT өнімдерінің экспорты кемінде 50%-ға өседі. Жоспардың негізгі мақсаты – азаматтар, бизнес және мемлекет үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу.


Бөлісу