Непалдағы тасқын кезінде жоғалып кеткендер саны 1500-ге жуықтады
Непал мен Қытайдың Гималайдағы шекарасында өзенге алып тастар мен лай төгілгенде алапат тасқын болды. Соңғы мәліметке қарағанда, 1558 адам жоғалып кетіп, 162-і қаза тапқан. Ізім-қайым кеткендердің 260-ы – шетелдіктер. Қазір Қытайдың Тибет пен Непал аумағында іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.
Алдын ала мәліметке қарағанда, таудан көшкін жүруіне жер сілкінісі себеп болса керек. Әзірге жоғалған туристер арасында үндістандықтар, непалдықтар, америкалықтар және британдықтың бар екені анықталып отыр. Жергілікті тұрғындар арасында қанша адамның жоғалғаны белгісіз. Сондай-ақ көптеген адам ауруханаға түскен. Мұны Непал туризм министрлігі хабарлады.
Кешав Прасад Барал, жергілікті тұрғын:
Мен террасада отыр едім. Тасқын су жоғарғы қабаттарға дейін көтерілді. Апат бір сағаттан кейін ғана аяқталды. Әйелім лайдың астында көміліп қалды. Біз террасаға шыққандықтан, аман қалдық. Тікұшақ мені 4-5 сағаттан кейін құтқарып алды,
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы