Ақмола облысында агроөнеркәсіптік ет кластері құрылды
Ақмола облысында асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау көлемі екі есе артты. Облыстық бюджеттен бөлінген 14 миллиард теңге 4 мың бас ірі қараны, 84 мың тонна сүт өнімін және 14 мың тонна құс етін субсидиялауға бағытталды.
Нәтижесінде өңірде мал басы артып, ауылшаруашылық өнімінің көлемі еселене
түсті. Сондай-ақ, Ерейментау ауданында агроөнеркәсіптік ет кластері құрылды.
Аудандағы 3 серіктестіктен құралған консорциум жыл басынан 4 400 бас қалмақ
тұқымды ірі қара мал әкелді. 2031 жылға дейін ет бағытындағы мал саны 22 мыңға
жеткізілмек. Бүгінде ауданда екі бірдей жоғары технологиялы репродуктор бар.
Соның есебінен мал бордақылайтын алаң мен 300-ге жуық фермерлік шаруашылық
ашуға мүмкіндік тумақ.
Әсет Қанапиянов, шаруа:
«Жаңа береке репродуктордан» 200 бас қой алып жатырмыз. Малды 3 жылға келісімшартпен беріп жатыр. Біз жылдың соңында 60 пайыз төл қайтарамыз, қалған 40 пайызы өзімізде қалады. 3 жылдан кейін аналық мал шаруашылықта қалады.
Аружан Қайырбек, облыстық а/ш басқармасының бас маманы:
«Ауыл аманаты» микрокредиттеу бағдарламасы аясына 4,6 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оған 500-ге уық несие бірілді. Оның 300-ден астамы мал шаруашылығына бағытталған және 50 ауылшаруашылық кооперативтері ашылды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32