Астанада балалар музыка мектебінің филиалы ашылды
Елордада талантты балалардың өнерін шыңдайтын тағы бір өнер ордасы ашылды. Ұлттық өнерді дәріптейтін мектепте балалар төрт музыкалық бағыт бойынша білім алады. Мұнда домбыра, қобыз, қылқобызда ойнап үйреніп, эстрадалық вокалды меңгереді. Болашақта бишілерді дайындайтын хореография бөлімін ашу жоспарланып отыр.
Жаңа өнер ошағы 35 жылдық тарихы бар №1 балалар музыка мектебінің
елордадағы 21-бөлімшесі. Филиал «Гарант» тұрғын үй кешенінде орналасқан. 200
шаршы метр аумақта бір мезетте 100-150 бала білім ала алады.
Жанар Қалиева, №1 балалар музыка мектебінің директоры:
Төрт бағытта домбыра, қыл-қобыз,қобыз, экстрадалық вокал бар. Осы филиалда 7 ұстаз жұмыс жасайды. Хораграфия бөлімін ашамыз. Жұлдыз болып, үлкен сахнаға шығып, балалардың армандарына жетуге жағдай жасағымыз келеді.
Филиалда дыбыс жазу кабинеті де бар. Мұнда жас өнерпаздар музыкалық және
вокалдық шығармаларын жазып, шығармашылық жобаларын жүзеге асыра алады. Ауданда
жаңа мектептің ашылуы балаларын өнерге баулығысы келетін ата-аналар үшін
қуанышты жаңалық болды.
Рабат Қалдығарин, қала тұрғыны:
Осы мектепке қызымды домбыра үйірмесіне беріп жатырмын. Жақын жерде домбыра үйірмесі болмаған соң, осы мектепке алып келіп отырмын. Мектептің ашылғанына қуаныштымын.
Жаңа мектептің ашылуы аудан балаларына өнермен кәсіби түрде айналысуға
мүмкіндік бермек. Әсіресе ұлттық аспаптарға қызығушылық танытқан өрендер үшін
бұл зор мүмкіндік.Ең бастысы, мұнда әр баланың шығармашылық қабілетін ашып,
өнерге деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасалған.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27