Президент: Реформаның арқасында тарихи тамыры тереңде жатқан Құрылтай ұғымы қайта жаңғырды
Президент Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында бұл институттың тарихи тамыры тереңде жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Құрылтай ұғымының қайта жаңғыруы Ұлы даладағы парламентаризм дәстүрінің сабақтастығын көрсетеді. Тарихшы Еркін Әбіл де бұл атаудың саяси жүйедегі өзгерістермен қатар, тарихи маңызы бар символ екенін айтады.
Еркін Әбіл, тарих ғылымдарының докторы:
Символдық мағынаға ие өзіміздің төл сөзіміз. Ұлы далада мыңдаған жылдар бойы пайдаланған сөз. Біз бұрын «Парламент» деген сөз қолдандық, «сенат» деген сөз батыстан келген. Сырттан келген, араб елдерінен келген «мәжіліс», «мәслихат» деген сөз. Ол да араб тілінен келген. Бірақ, Құрылтай деген өзіміздің түркі тілдерге тән түсінік. Осы символды нақты жұмыспен толтыру керек деп ойлаймын.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32