Алматыда ер адам электросамокаттан құлап, көз жұмды
Алматыда 44 жастағы ер адам электросамокаттан құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға түнгі уақытта Варламов көшесінде, Төле би даңғылына жақын маңда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын электросамокатты басқара алмай жол жиегіндегі жиектасқа соғылған. Салдарынан құлап, ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу жеткен. Дәрігерлер зардап шеккен ер адамға көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Полицияның мәліметінше, тұрғын самокат тепкен кезде арнайы қорғаныш бас киімі мен басқа да жеке қауіпсіздік құралдарын пайдаланбаған. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мамандар электросамокат жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын сақтауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17