Тасқын кезінде құлаған ГЭС астында 933 жұмысшы қалып қойған
Непалда алапат тасқын кезінде құрылысы аяқталмаған су электр станциясының туннелдерінде 933 жұмысшы қалып қойған. Қазір оларды құтқару операциялары күні-түні жалғасып жатыр. Мұны жергілікті билік өкілдері мәлімдеді.
Айта кетсек, өткен аптада Непал мен қытайлық Тибет шекарасындағы Гималай тауында мұздық құлап, өзенге топырақ пен тас төгіліп, төмендегі елді мекендерді нөпір су шайып өтті. Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан 800-ге жуық адам қаза тауып, 3 мыңнан астамы жоғалып кетті. Ізім қайым кеткендердің арасындағы шетелдік туристермен бірге непалдықтар да өте көп.
Бахата Радж Тхапа, жергілікті тұрғын:
Төрт күн өтті. Ауылымызға баратын жол қалмады, байланыс пен электр қуаты да жоқ. Телефонымыз өшіп жатыр. Ауылдастарымыздың талайы хабарсыз кетті. Оларды не тірі, не өлі табамыз деп осы жерде мәлімет күтіп жүрміз. Кейбір жерлестеріміз туыстарын өздері іздеуге кетті.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17