Ресей мұнай өнімдерін сырттан ала бастады
Ресей билігі дизельдік отын экспортына салынған шектеудің мерзімін ұзартты. Жанармай тапшылығынан туындаған тыйым шаралары бір ай бұрын күшіне енген еді. Оған себеп – елде бензин мәселесі ушығып, суық отын бағасы шарықтап барады.
Елдің ішкі жанармай нарығындағы жағдай әлі де күрделі. Мотор отынына сұраныс шамамен үштен бірге артқан. Осыған байланысты Ресей шілде айынан бастап мұнай өнімдерін импорттай бастады. Әсіресе Үндістан, Түркия, Беларусь елдерінен импорт артты.
Марсель Салихов, энергетика және қаржы ингститутының президенті:
Ресейдің бюджеті жанармай экспортына байланысты болады. Енді жоспарланғандай 9 триллион рубль қазынаға түспейді. Керісінше шығын артты. Бұл әрине барлық салаға әсер етеді.
Соңғы уақытта Ресейдің бірнеше өңірінде жанармай тапшылығы мен бағаның өсуіне қатысты алаңдаушылық күшейген. Сарапшылар мұны мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына әсер еткен факторлармен байланыстырады. Енді төмен санаттағы, сапасыз «Евро-3», «Евро-5» бензині шығарыла бастады.
Василий Колтанов, сарапшы:
Импорт өсе береді. Бұл ең алдымен жұмыс орындарының қысқаруына, экономикалық көрсеткіштің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан бұл салада субсидия төленіп, салық қысқаруы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы