Шымкентте 60 мыңнан аса кәсіпті жастар басқарады
Шымкентте
жастар басқаратын 60 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Биыл 52 жас
кәсіпкерге 10 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Жастар өндіріс, қызмет көрсету, ауыл
шаруашылығы секілді түрлі салада еңбек етіп жүр. Олардың арасында жаңа жұмыс
орындарын ашып, отандық өнім өндіруге үлес қосып жүргендері де бар. Солардың бірі – шымкенттік
кәсіпкер Медет Шәріпов. Ол кәсібін шағын цехтан бастап, бүгінде құрылыс пен
абаттандыруға қажетті төсеме тас пен құрылыс блоктарын өндіреді. Кәсіпорында
50-ге жуық адам жұмыс істейді. Өнімдері бірқатар өңірге жөнелтіліп, ішкі
нарықты қамтып отыр.
Медет Шәріпов, кәсіпкер:
20-шы жылдан бастап біз жылдан жылға өз ісімізбен жұмыс істедік. Яғни бірінші өндірісті дамыттық. Технологтармен ақылдасып, тынбай әрекет жасаймын. Ташкент, Ресей, Қытайға барамын. Осы технологияларлы меңгеріп, сапалы шығаруға әрекет жасап жатырмын.
Ал
түркістандық жас кәсіпкер Ниязәлі Құрбанәліұлы экотуризм бағытын дамытуға ден
қойған. Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында демалыс орнын іске қосып,
жобаға шамамен 1 миллиард теңге жеке инвестиция салған. Мұнда табиғи ортаға
бейімделген капсулалық үйлер салынып, қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Нысан
толық қуатына шыққанда бір мезетте 200-ден астам адам қабылдай алады. Жоба
арқылы кәсіпкер туризммен қатар өңірдегі қызмет көрсету саласының дамуына да
үлес қосып отыр.
Ниязәлі
Құрбанәліұлы, кәсіпкер:
Ағын судың емдік қасиеттері де бар. Сол себептен осы жер өте ыңғайлы болды. Әсемдік беретіндей қылып, одан кейін бізге келген қонақтар суға шомылатындай қылып каналды бетондадық. Бірінші 16 үй шығардық, соның 10 үйін осы жерге әкеліп орнаттық.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32