Ел жаңалықтарына шолу
Астанада апатты үйде тұратындар жаңа үйге көшіп жатыр
Астанада апатты үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл «Сарыарқа» және «Байқоңыр» аудандарындағы 25 тозығы жеткен баспанада тұратын азаматтарды 675 пәтерге қоныстандыру жоспарланған. Қазір 22 үй бойынша көшіру жұмыстары аяқталды. Қалған үш апатты жатақхана иелері жыл соңына дейін жаңа баспанаға көшіріледі. Қазіргі уақытта пәтер иелері мен жалға алушылардан 520 құжат қабылданған.
30,1 млн тонна мал азығы дайын
Ел аумағында 30,1
млн тонна мал азығы дайындалды. Бұл
жоспардың 73%-ы. Оның ішінде 24,1
млн тонна шөп, 2,2 млн тонна пішендеме, 1,1 млн тонна құнарлы жем, 837,8 мың
тонна сүрлем және 1,8 млн тонна сабан бар. «Азық-түлік келісімшарт
корпорациясы» қысқы кезеңге арнап 201,3 мың тонна жемшөп қорын жинады.
Энрике Иглесиастың концертіне арнайы автобустар жүреді
3 қыркүйек күні Астанада Энрике Иглесиастың
концерті өтеді. Осыған орай сағат
16:00-ден бастап «Астана Аренаға» төрт жерден арнайы шаттл-автобустар
қатынайды. Шаттлдар Елорда циркі, «Әзірет Сұлтан»
мешіті, «Қазақстан» спорт кешені және Бас мешіт жанындағы автотұрақтардан
жүреді. Концерттен кейін арнайы көліктер көрермендерді бастапқы орындарына
қайта жеткізеді.
Ілбістер фототұзаққа түсті
Катонқарағайда ілбістің ұрғашысы үш шөнжігімен бірге камераға түсіп
қалды. Бұған дейін фототұзаққа қар барысының аталығы түсіп, ол құрылғыны иіскеп,
басқа жаққа бұрып кеткен еді. Алайда басқа камера сирек кездесетін жануарлар
тобын түсіріп үлгерген.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32