Көшпенділер ойыны Ыстықкөл жағасында басталды
6 құрлық көз тіккен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. «Бішкек аренада» ашылу салтанаты дүркіреп өткен доданың басты бәсекелері Чолпон-ата шаһарында өтіп жатыр. Бүгін 15 отандасымыз жарыс жолына шықты. Ыстықкөл жағасына арнайы барған әріптесіміз Азат Қадырбек қазір бізбен тікелей байланыста тұр. Азат, дәл қазіргі сәтте нәтижелер қандай?
Азат Қадырбек, тілші:
Ыстықкөл жағалауындағы аптап ыстық тарқай бастағанымен, жарыс аймақтарында бәсекелестік қызу. 42 спорт түрінен 152 жерлесіміз бақ сынап жатқан доданың алғашқы күнінде 3 балуанымыз кураш, гореш және моңғол күресінде бақ сынады. Бозкілем додасында, өкінішке қарай, қоржынға жүлде түспеді. Қазақтың қара бурасы Нұрдәулет Жарылғапов курашта есе жіберсе, Ерасыл Амангелді моңғол бөхте жеңіліс тапты. Ал алғашқы айналымды еңсерген Мадияр Абдрахманов, өкінішке қарай, екінші айналымда ирандық балуанға жол берді.
Білек пен жүрек сыналатын аударыспаққа Ұлттық құрама өкілдері үлкен үміт артады.
Ат үстіндегі күрес командасының сапында тісқаққан балуандармен қатар жас
спортшылар да бар. Қазақстан құрамасының бас бапкері жігіттердің дайындығына
тоқталып өтті.
Жанбатыр Бекмұсаев, аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Азат
Қадырбек, тілші:
Жанкүйер асыға күткен көкпар мен көкбөрі бәсекесі ертең басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Палуандарымыз атын баптап, тек алғашқы ойыннан кейін сұхбат береміз деп белін бекем буып отыр.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32