Қызылордада тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған ауқымды инвестжобаға қытайлық компания қаржы құйдыКомбинаттың алғашқы іргетасы құйылды. Жоспар бойынша ірі өндіріс орнының құрылысы екі жылда аяқталып, іске қосылмақ. Негізінен кен орнынан шыққан қорғасын мен мырыш шикізаты терең өңделетін болады. Сондай-ақ инвестор жылына 20 тонна күміс өндіруді көздеп отыр. Жергілікті билік индустриялық аумаққа электр желілерін тартып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етпек.
Бауыржан Айтқұлов, қытайлық компанияның өкілі:
Бұл кен байыту комбинатының инвестициялық құны 300 млн АҚШ доллар, яғни 138 млрд теңгені құрайды. Мұнда 550 адам жұмыс істейді. 4 миллион тоннаға жуық руда өндіреміз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32