Жасыл балабақша – таза болашақ
Астанадағы №74 балабақша «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл балабақша – таза болашақ» іс-шарасын өткізді. Балалар қоқысты сұрыптау, табиғатты қорғау сынды эстафеталарға қатысып, ән мен тақпақ айтып жарысты.
Бүлдіршіндер бақша ауласында педагогтермен бірге өсірген көкөністерінен дайындалған тағамдарының көрмесін де ұсынды. Айта кету керек, балабақша ұжымы арнайы бағдарлама енгізіп, балаларға табиғатты аялауды үйретіп, тазалыққа баулып жүр. Өйткені экологиялық мәдениетті бойына сіңіріп өскен бала ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын, табиғатты аялайтын саналы әрі білімді азамат болып қалыптасады,- дейді бақша тәрбиешілері.
Айнұр Әмірханова, қалалық білім басқармасы балаларға қосымша білім беру орталығының әдіскері:
Таза Қазақстан» акциясы арқылы еліміздің болашағы, жасыл қаланы ұстау, Астанамызды көркейту, тәрбиелерін балалардың бойына кішкентайынан дарыту мақсатымыз. Бүгінгі экологиялық іс-шарада балалардың өздерінің туған жерін сүйетінін көрдік. Айналаны таза ұстауда, қоқыстарды сұрыптауда өздерінің білімдерін көрсетті.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09