ШҚО-да бағусыз жүрген малдың кесірінен жол апаты көбейген
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бүгінге дейін бағусыз жүрген малдың кесірінен 31 жол апаты болды. Адам аман. Патрульдік полиция қызметкерлерінің айтуынша, қара жолдың бойында қанша оқыс оқиға болып жатса да кейбір тұрғындар малын жыл он екі ай қорасынан шығарып жібере салады. Құқық қорғау органдары арнайы мониторинг жүргізе келе, Қатонқарағай, Ұлан, Тарбағатай аудандарында төрт түліктің көбі бағусыз жүреді деген тоқтамға келді. Ал жол апаты кезінде барлық тараптың жауапкершілігі сарапталады. Жыл басынан бері қараусыз жайылып жүрген бес мыңнан астам мал арнайы қамаққа жеткізілген.
Батырбек Қадыров, облыстық ПД аға инспекторы:
Иесіз малды жібере салады, малды қарамайды. Сол себептен көлік оқиғасы көп орын алып жатыр. Адамдар зардап шекпеген, дегенмен мұнда шығындар бар. Оның көлемі 5 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін болып қалады. Себебі жаңа машиналар болады.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17