Павлодарда «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы таныстырылды
Павлодарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы таныстырылды. Бұл жинаққа Президенттің елдің дамуына қатысты әр уақытта айтқан таңдаулы ой-толғамдары мен пікірлері енген. Жиынға ғалымдар мен сарапшылар, саясаттанушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлер және шығармашылық сала өкілдері қатысты. Кітап 21 тақырыптық бөлімнен тұрады. Заң үстемдігінен бастап, ұлттық ынтымақтастық, әділеттілік, білім беру, экологиялық мәдениетке дейін қамтылған. Бұл кітапханалардың сөресінде ғана емес, әрбір қазақстандық тұрғынның үйінде тұруға лайық жинақ дейді зиялы қауым.
Сайлау Байбосын, «Баянтау» газетінің редакторы:
Бұл кітапта тек қана Президенттің сөзі емес, бұл кітапта халықаралық деңгейдегі саясаткердің, дипломаттың, қоғам қайраткерінің ой-пікірі деп түсінуіміз керек. Осы кітап 21 тарау екен, соның ішінде осы қоғамдық өмірдің барлық саласы қамтылады. Оның ішінде сыртқы саясатта бар, ішкі саясатта бар, экономика, тіл мәселесі де бар. Бірлік пен ынтымақ, осы қоғамның барлық саласы қамтылған. Сол қоғамның барлық саласына қатысты афоризм түрінде айтылған. Осыны біз қабылдап, түсінетін болсақ, халыққа ой салатын кітап деп түсінемін.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32