Қазақстанда Эбола вирусының таралу қаупі төмен
Елімізде Эбола вирусының таралу қаупі төмен деңгейде бағаланып отыр. Себебі бұл инфекция негізінен адамның қаны және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен жанасу арқылы ғана жұғады. Ал Қазақстанның Конго Демократиялық Республикасымен және басқада шектес Африка елдерімен тікелей әуе рейсі жоқ. Ол да тәуекелді төмендететін факторлардың бірі. Соған қарамастан, сақтық шаралары күшейтілген. Шекара бекеттерінде санитарлық-карантиндік тексеріс жүргізіліп, шетелден келген азаматтарға медициналық бақылау жасалады.
Жұмабек Бекенов, Қоғамдық Денсаулық сақтау ұлттық орталығының эпидемиолог маманы:
Олардың белгілеріне байланысты жүргізілетін дәрі-дәрмектер бізде жеткілікті. Жалпы, ол ауруға қарсы дүниежүзінде білесіздер, шығып жатқан вакцина бар. Ол Заир мемлекетінде өзінің жақсы нәтижесін көрсеткен. Одан басқа антиденелерді дайындау арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым олармен күресіп жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17