Президент мақаласына қытайлық сарапшылар пікір білдірді
Қытайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Синьхуа ақпараттық агенттігінде жарияланған сұхбаты қызу талқыланып жатыр. Мемлекет басшысы сұхбатында Қазақстанның Қытаймен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға дайын екендігін нақты дәлелмен келтіріп көрсеткен. Бұл көрші елдегі халықаралық сарапшылардың назарын аударды. Қазақ көшбасшысы екі жақты сауда, көлік-логистика, ғылым, энергетика, ауылшаруашылығы салаларына ерекше тоқталған. Бейжіңдегі Қазақстанды зерттеу орталығының жетекшісі Сунь Фанға президенттің білім, әсіресе кадр даярлау ісіне қатысты айтқандары ерекше әсер қалдырған. Оның пікірінше, бұл мемлекетаралық қатынастарды одан әрі дамытудағы ең маңызды факторлардың бірі.
Сунь Фань, Бейжіңдегі Қазақстанды зерттеу орталығының жетекшісі:Президент Тоқаев атап өткендей, екі ел арасындағы достық әріптестік көптеген саладан көрініс табады. Бұл тек сауда-экономикалық ынтымақтастықпен шектелмейді. Менің ойымша, Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекетаралық қатынастарды одан әрі дамытуда ең маңызды факторлардың бірі – кадр даярлау, яғни адам капиталын дамыту мәселесі. Тоқаев көптеген жаңа сын-қатерлер мен даму мүмкіндіктері кезеңінде мұны дөп басып айтып отыр.
Автор
Әйгерім Ермұханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27