Ел жаңалықтарына шолу
БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасын қабылдады
Қазақстандықтар дәрігердің көмегіне үйден шықпай-ақ онлайн жүгініп келеді. Бүгінге дейін 2 миллионнан астам тұрғын медициналық көмекті қашықтан алған. Мұның атауы да бар. Телемедицина. Онлайн қаралатындардың 40 пайызға жуығы ауыл тұрғындары. Қазір шалғай елді мекендерде 1 мыңнан астам дәрігер тапшы. Телемедицинаның арқасында олар Астана, Алматы секілді алып шаһарлардағы білікті мамандардан онлайн кеңес алады.
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып алуға болады
Кітап оқы да, 600 мың теңге ұтып ал! Бүгін «Кітап оқитын ұлт» атты алғашқы республикалық марафонға өтінім қабылдау басталды. Ол келесі жылдың сәуіріне дейін қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Мектеп оқушылары, студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер секілді бөлек-бөлек 7 түрлі категория бар. Жалғыз өзіңіз емес, отбасыңызбен қатысуға да болады. Үміткерлер өз категориясын таңдап, конкурстың комиссиясы бекіткен 330 кітаптың арасынан 15-ін оқуы тиіс. Сосын сол туындылар жайында пікір жазуы керек. Толық ақпаратты «Кітап оқитын ұлт» сайтынан көре аласыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы