Павлодарда Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнін атап өтті
Павлодар мұнай-химия зауыты ұжымында Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні салтанатты түрде аталып өтті. Кәсіпорында
2600-ге жуық
адам еңбек етеді. Зауыт жылына 5 млн 800 мың тоннаға жуық шикі мұнайды өндейді.
Яғни автобензин мен авиа, дизель отыны және сұйытылған газ жасап шығарады. Еңбек
өнімділігіне ерекше үлес қосып жүрген 12 маманның есімі бүгін Құрмет тақтасына
жазылды.
Нұрсұлтан Мэлс, дизель
отыны және керосинді гидротазалау қондырғысының басшысы:
Технологиялық қондырғы операторы болып жұмысқа кірдім. Содан алтыншы разрядқа дейін біліктілігімді көтеріп, 2022 жылдан бері қазіргі қызметімдемін. Негізгі міндетім - тауарлы өнім шығару. АК-4 дизель отыны мен РТ маркалы авиа отын өндіреміз. Бүгін, міне, сол еңбегім еленіп, марапат берілді. Негізі мұнайшы мамандығы өте ұнайды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17