Жер қойнауын геологиялық зерттеуге ₸240 млрд қарастырылған
Алдағы үш жылда жер қойнауын геологиялық зерттеуге 240 млрд теңге қарастырылған. Енді бұл бағытта тың идея мен жаңа жоспарлар керек. Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан «KAZDRILLING-2026» конференциясында сөз болды. Еліміздегі алпауыт мұнай компанияларының басын қосқан жиынға ҚР ҰКП «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев пен ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров та қатысты. Сарапшылардың айтуынша, қазір көпшілікке мұнайдың сатылып жатқаны ғана белгілі. Ал оның артында тауарға айналғанға дейінгі процестерге көп мән беріле бермейді. Енді кәсіпорындар сейсмиканы, геологияны және бұрғылау саласын дамытуға бет бұруы тиіс.
Рашид Жақсылықов, «Kazservice» Қазақстан
мұнай сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы:
Қазіргі таңда бұрынғы заманғы геологиялық зерттеулердің ақпараты жарамайды. Космостан алу керек. Екіншіден, жеңіл мұнай дәуірінен өттік. Қазір біз ауыр мұнай алуға көштік. Өйткені Қазақстанның өзінде қазіргі таңда ең терең ұңғыма 7 мың метрден төмен.
Биыл кешенді
геологиялық барлаудың 20 жобасына Қазақстан Үкіметінің резервінен 40,7 млрд
теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар аз зерттелген Солтүстік Торғай және
Шу-Сарысу мұнай-газ бассейндерінде алты 2D сейсмикалық барлау жобасын іске қосу
жоспарланып отыр.
Жәнібек Катренов, инженер-геофизик:
Елімізде геологиялық барлауды реттейтін кодекс бар. Бірақ кодекстер және басқа да заңнамаларды жақсартатын жерлері бар. Соны біз компаниялар, сарапшылар болып талқылап жатырмыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17