Көшпенділер ойындары: Қазақстан жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жерлестеріміз жалпы саны 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі алтын жүлде. 113 елдің саңлақтары бақ сынаған бәсекенінің соңғы жарыс күніне Қырғызстандағы әріптесіміз Азат Қадырбек шолу жасайды.
Ыстықкөл жағалауындағы жарыста әсіресе көкпар мен көкбөрідегі ақтық ойындарды жанкүйер асыға күтті. Атшабарға ағылған жұрттың көкжиегі көрінбейді. Қазақстандық көкпаршылар да қолдаусыз қалмады. Көкпар мен көкбөріде жеңіс еншімізге бұйырмады. Алайда зияткерлік додада бұл жеңілістердің есесін қайтара білдік. 1 аптаға жалғасқан тоғызқұмалақ тақтасындағы таққа таласта жерлестеріміз 4 алтын жүлде еншілесе, мангалада тағы да 2 алтын қоржынға түсті.
Азамат Қайдаров, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы:
Қырғызстандағы көшпенділер ойындарында отандастарымыз аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ және ат жарысында сәтті өнер көрсетті. Жалпыкомандалық есепте 32 алтын жүлдемен Қазақстан құрамасы топ жарса, 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан екінші орында. Ал 7 алтын жүлдесі бар Ресей командасы үздік үштікті түйіндеді. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27