Атырауды тұман басып, жағымсыз иіс жайлады
Атырау қаласының тұрғындары соңғы үш күннен бері ауадан жағымсыз иіс шығып, тыныс алу мүмкін емес екенін айтып дабыл қағуда. Жағдай кеше түнде мүлдем күшейіп, қаланы қою қара тұман басқан. Экология департаментінің зертханалық талдауы нәтижесінде ауа құрамындағы көмірсутектер нормадан бірнеше есе асып кеткені белгілі болды. Экологтар ластаушы заттардың негізгі көзі ретінде қала іргесіндегі Атырау мұнай өңдеу зауытын қарастырып отыр. Аталған кәсіпорынға жыл басында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 520 миллион теңге айыппұл салынған еді. Алайда зауыт басшылығы бұл шешімге келіспей, әлі дауласып жатыр. Ал соңғы жағдайға байланысты тәуелсіз сарапшылар, экологтар мен санитарлардан құралған арнайы комиссия кәсіпорынға барып, кешенді тексеру жүргізбек.
Негізінен ПДК-дан асу фактілері түнгі уақыттарда, таң атар уақыттарда болып отыр. Осы 31-ші тамыздан бастап, 7 қыркүйекке дейін жел тұрақты мынау оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыстан. Ол жерде орналасқан ластаушы ингридиенттер тиесілі ол Атырау мұнай өңдеу зауыты. Негізгі ластаушы көз. Яғни жағымсыз иіс АМӨЗден шығып тұр ма? Иә.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы