Астана – инклюзивті туризмге жол ашқан қала
Астана ТМД елдері арасында алғаш боп Еуропалық қолжетімді туризм желісіне, яғни ENAT құрамына енді. Бұл елордада мүгедектігі бар тұрғындар мен қонақтардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптасып келеді, - деген сөз.
Мәселен Астана әкімдігінің мәліметінше, соңғы жылдары қалада 750-ден астам аула, саябақ, сквер мен бульвар абаттандырылған. GreenLine бульвары, «Керуен» сквері, Бейбітшілік және келісім саябағы, спорттық жағалау мен Ататүрік саябағында ерекше қажеттілігі бар тұрғындардың еркін қозғалуына жағдай жасалған. Сондай-ақ қалада туристік нысандардың қолжетімділігі де тұрақты тексеріледі.
Айта кетейік, бұл жұмысқа мүгедектігі бар азаматтар мен қоғамдық ұйым өкілдері
тартылған. 2024 жылы 200-ден астам
қонақүй, музей, театр қызметкері мен экскурсовод арнайы оқудан да өтіпті. Содан
бері туристік нысандардың ыңғайлылығы ұдайы қадағаланады. Мәселен биыл «Дос-Тәуелсіз
өмір» орталығы
мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі 1 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына
мониторинг жүргізіп жатыр.. Қолжетімділік картасында қазірдің өзінде 1 500-ге
жуық нысан туралы ақпарат бар. Алдағы уақытта инклюзивті бағыттар көбейіп,
туристік нысандар мен қонақүйлердің жайлылығы арта түседі, - дейді әкімдік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы