Ел жаңалықтарына шолу
Отбасы күніне орай апталық басталды
Қыркүйектің екінші жексенбісі отбасы күні. Осыған орай елімізде бүгіннен бастап
атпалық басталды. Ұрпақтар сабақтастығы, саналы отбасы құру, бала денсаулығы
мен қауіпсіздігі, ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі сияқты маңызды
тақырыптар қамтылады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір
күні» ұранымен #Otbasym2026 жалпыұлттық челленджі ұйымдастырылады.
Шымкенттен Сингапурға жаңа әуе бағыты ашылады
Шымкенттен Сингапурға жаңа әуе бағыты ашылады. SCAT Airlines 20 қазаннан бастап
жаңа рейстерді іске қоспақ. Ұшақтар Шымкенттен Қытайдың Санья қаласына қонып,
әуежайда транзиттік аймақта шамамен екі сағат болып, паспорттық бақылаудан
өтпей сапарын жалғастырады. Шымкенттен Саньяға ұшу шамамен алты жарым сағатқа,
ал Саньядан Сингапурға дейінгі жол үш сағатқа созылады.
«Жыл волонтері» сыйлығына байқау жарияланды
Елімізде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды. Биыл үздік
волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар 15 номинация бойынша марапатталады.
Байқауға өтінімдер 27 қыркүйекке дейін қабылданады. Үміткерлер әлеуметтік
көмек, денсаулық сақтау, білім, қоршаған ортаны қорғау, жануарларға қамқорлық
бағыттары бойынша бақ сынай алады. Бүгінде Қазақстандағы волонтерлер саны 300
мыңнан асқан.
Балалар Ұлттық парктерге тегін кіре алады
Енді 18 жасқа толмаған балалар мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге тегін кіре
алады. Бұл мүмкіндік балалардың табиғатпен жақын танысып, таза ауада демалуына
және отбасымен бірге уақыт өткізуіне жол ашады. Елдегі ұлттық парктерде қазір
179 туристік бағыт пен 42 экосоқпақ жұмыс істейді. 2025 жылы ұлттық парктерге
3,7 миллион адам барған. Мемлекет бұл шара арқылы ішкі туризмді дамытуды көздеп отыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32