Басты Жаңалықтар Тамыз айында зейнетақы қорынан 27,5 млрд теңге баспана үшін алынған

Тамыз айында зейнетақы қорынан 27,5 млрд теңге баспана үшін алынған

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану талаптары күшейгенімен, салымшылар жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланып жатыр.

Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, тамыз айында азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға 27,5 миллиард теңге көлемінде біржолғы зейнетақы төлемін пайдаланған. Бұл шілдедегі көрсеткіштен сәл жоғары. Ол кезде жұмсалған сома 27,1 миллиард теңге болған. Яғни, маусым айынан бастап бұл ақшаны пайдалануға қойылатын талаптар күшейгенімен, оған сұраныс аса төмендеген жоқ. Жинағын пайдаланған азаматтардың саны да өсіп келеді. 1 шілде мен 1 тамыз аралығында олардың саны 8800 адамға, ал 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында тағы осынша адамға артқан. Зейнетақы төлемдерін пайдаланудың негізгі мақсаты да өзгермеген. Шілде мен тамыз айларында төлемдердің 58 пайызы тұрғын үй сатып алғанда, түпкілікті есеп айырысуға бағытталған. Ал пайдаланылмай қалған қаражат зейнетақы қорына қайтарылады. Тамыз айында аталған қорға шамамен 4,9 миллиард теңге қайта түскен. Бұл шілдедегі көрсеткіштен екі есе аз. Шілде айында қайтарылған қаражат көлемі 10 миллиард теңгеге жуықтаған.


Бөлісу