«Мемлекеттік төлем» туралы хабарлама: Нені ескеру керек?
Бүгін де азаматтарға «мемекеттік төлем» туралы хабарлама келіп жатыр. Мазмұны айыппұл туралы ескертуге ұқсайды. Бұл расымен айыппұл ма? Мамандар неліктен бірден төлем жасауға асықпаған жөн дейді? Жанел Нұрболатқызы түсіндіреді.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Кейбір тұрғындарға банк қосымшасы арқылы «мемлекеттік төлем» деген хат келіп жатыр. Нақты сома белгіленген. Мерзімі де бар. Бір қарағанда айыппұл туралы хабарлама секілді. Бірақ алаңдамаңыз, олай болмауы да мүмкін. Бүгін салық органдары халыққа мүлік салығы туралы еске салып жатыр. Оны барлық жылжымайтын мүлік үшін төлеу керек. Тізімде тек пәтер иелері жоқ. Ал жер үй, саяжай, автотұрақ есепке алынады. Салықтың сомасын өзіңіз есептемейсіз. Оны мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде автоматты түрде көрсетеді. Сонда да бірден төлеуге асықпаған жөн. Алдымен мүліктің иесі дұрыс көрсетілгенін және салықтық жеңілдіктердің ескерілгенін тексеріп алған дұрыс. Өйткені, кей жағдайларда жүйеде техникалық ақаулар болуы мүмкін. Мысалы, мүлікті сатып жіберген болсаңыз да, салық туралы хабарлама келуі ықтимал. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, мемлекеттік кірістер комитетіне құжаттарыңызды ала барып, түсіндіру шарт. Мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу керек. Әйтпесе айыппұл арқалайсыз. Сондықтан егер сізге бүгінге дейін хабарлама келмесе, e-Salyq Azamat сайтындағы «салық» бөліміне кіріп, мүлік салығы бойынша берешек пен есептелген соманы өзіңіз қарап алсаңыз да болады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32