Эйфель мұнарасын уақытша жапты
Өткен тәулікте Париждегі Эйфель мұнарасы келушілер үшін есігін ашпады. Бұған жүз шақты адамнан тұратын үндістандық діни делегацияның сапары себеп болды. Дәлірек айтсақ, олар келгенде әйел қызметкерлерге көзге көрінбеу туралы бұйрық берілген. Бұған ашынған мұнара қызметкерлері ереуіл жариялап, жұмысқа шықпай қойды. Дегенмен кәсіподақ өкілдерінің сөзінше, мұнара басшылығы әйелдерді кемсіткені үшін кешірім сұрады. Даулы іске қала мэрі Эммануэль Грэгуар да араласты. Ол әйелдердің наразылығын заңды деп атап, үндістандық діндәр ұйым сапарының тергелетінін ескертіп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17