Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстан таланттардың бәсекеге қабілеттігілі индексінде 39 сатыға көтерілді
Жаһандық таланттардың бәсекеге қабілеттілігі индексі бойынша Қазақстанның
көрсеткіштері жақсарды. Кәсіптік және техникалық дағдылар бойынша 122-орыннан
83-орынға көтеріліп, өз позициясын 39 сатыға көтерілді. Бұл - Үкімет
отырысында белгілі болды. Бүгінде жұмыс берушілер кәсіби біліммен бірге
коммуникативтілік, сыни ойлау, бейімделу және цифрлық сауаттылық дағдыларына
басымдық беріп отыр.
Қазақстан әлемдегі ең бейбіт елдерді елулігіне енді
Экономика және бейбітшілік институты жариялаған Global Peace Index 2026
рейтингінде еліміз 163 мемлекеттің ішінде 44-орынға тұрақтады. Орталық Азия
елдерінің арасында Қазақстан 2-орында. Ал Өзбекстан 37-орынға, Тәжікстан
47-орынға жайғасқан. Рейтинг көшін Исландия бастап тұр. Үздік үштікте Жаңа
Зеландия мен Швейцария бар. Жаһандық бейбітшілік индексі елдердегі қауіпсіздік
пен қоғамдық тәртіпті, ішкі және халықаралық қақтығыстарды қамтитын 23
көрсеткіш негізінде есептеледі.
800-ден аса кітап оқыған астаналық оқушылар
Астанада кітап оқуды әдетке емес, өмір салтына айналдырған оқушылар бар.
Олардың бірі - 9-сынып оқушысы Вероника Анисимова. Ол елордадағы №8 балалар
кітапханасының 800-ге жуық кітабын оқып шыққан. Ал 11 жастағы Алтынай Өтеубаева
төрт тілде 853 кітап оқып үлгерген. Ол қазақ, орыс, ағылшын және француз
тілдеріндегі шығармаларды еркін оқиды. Әсіресе шытырман оқиғалы кітаптарға
қызығады.
Е.Рыбакина әлемнің I ракеткасы атануы мүмкін
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінде тарихи белеске
жақындады. Төртінші айналымда қазақстандық теннисші жапониялық Наоми Осаканы
6:1, 6:4 есебімен жеңіп, алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
Рыбакинаның келесі қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Қытай өкілі Чжэн
Циньвэнь. Екі теннисші мансап жолында бұған дейін бес рет кездескен. Оның екеуі
биылғы маусымда өтті.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32