Мемлекет басшысының кітабы таныстырылды
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» Бұл жай ғана жинақ сөз емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл кітабы мәні мен мазмұны жағынан қоғамдағы барлық сала қамтылған жүйелі шығарма. Сондықтан кітапты тек оқып қана қоймай, терең талдау қажет. Бүгін шығыстағы ақын-жазушы және зиялы қауым мен жастар ұйымының белсенділері бас қосып кітапты талқылады.
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» Бұл атау ерекше мәнге ие. Сондықтан жауапкершілік те жүктейді. Яғни шындық айтылмайынша, әділетті қоғам да құрылмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдік мүддедегі ұстанымын осы кітаптан анық аңғаруға болады
Түсіпхан Түсіпбеков, қоғам қайраткері:
Тіл жөніндегі айтқаны. Мысалы біз шет елдің делегациясын қазақ тілінде қарсы алып, қазақ тілінде шығарып саламыз деген, сөздің өзі тілге үлкен мәртебе беріп тұр деп айтуға болады. Елді сүю,ұлтты сүю соның бәрінде Абайдың сөздерін жиі пайдалануы мысалы Президенттің халыққа ой салатын сөздер айтуы Абайды терең оқығандағынан ба? деп ойлаймын.
Шығарма жиырма бір тақырып бойынша жүйеленіп топтастырылған. Әр салаға қатысты айтқан оймақтай ойын көркем жеткізген. Өзі бастамашы болып жүзеге асып жатқан жобалар мен түрлі бағдарламалардың маңызына да тоқталған дейді жазушылар.
Әскерхан Ақтай, жазушы-драматург:
Абай атамыздың «Толық Адам» іліміне негізделген «Адал азамат» тұжырымдамасы әділетті қоғам құру жолындағы «Әділетті Қазақстан» құндылықтары осы мәселені «Таза Қазақстан» иедеасы қатарлы көптеген ой толғамдарын талқыллап, саралап осыны халыққа, жастарға насихаттайтын боламыз.
Кітаптың таныстырылымына жиналаған жұрт оның мән-мазмұнын талқылады. Ал жоғағарғы оқу орындарының оқытушылары сараптап, пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы