Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
Астанада Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған жиынға әлемнің 90 елінен 7 мыңнан астам қатысушы келген. Форумда жаһандық қаржы нарығының болашағы мен жаңа инвестициялық мүмкіндіктер талқыланбақ. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы да шараға қатысып жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Форумның ауқымын қатысушылардың құрамынан-ақ байқауға болады. Мұнда әлемдік қаржы нарығындағы ең ірі ойыншылардың өкілдері жиналған. Мәселен, әлемдегі ең ірі активтерді басқарушы BlackRock компаниясы да қатысып отыр. Оның басқаруындағы актив көлемі 15 триллион доллардан асады. Биылғы негізгі тақырып – капиталдың нақты нәтижеге жұмыс істеуі. Сондықтан мұнда инвестиция, капитал нарығы, экономиканың нақты секторын қаржыландыру және жаңа технологиялардың қаржы жүйесіне ықпалы сөз болып жатыр. Сондай-ақ цифрлық теңге, цифрлық активтер, токенизация, жасанды интеллект пен стейблкоиндер сияқты тақырыптар талқыланады. Бұдан бөлек инвесторларға тау-кен және креативті индустрия жобалары таныстырылады. Ал көрме алаңында банктер, финтех және технологиялық компаниялар әлеуетті инвесторлармен тікелей байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды. Яғни Astana Finance Days – қаржы сарапшылары бас қосатын алаң ғана емес, жаһандық капитал мен жаңа жобаларды тоғыстыратын маңызды платформа. Алдағы шығарылымдарда бірқатар нақты нәтижелер туралы да айтамыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17