Павлодар өңірі жылу маусымына дайын
Жылу маусымына дайындық бойынша Павлодар облысы рекорд жасады. Биыл өңірдегі үш қалада, яғни, Павлодар, Ақсу, Екібастұзда негізгі магистральдер ауыстырылып, 49 шақырымдық жылу желілері жаңартылған. Бұл осыдан 4 жыл бұрынғы деңгейден 4 есе жоғары деген сөз. Тақырыпты меншікті тілшіміз Болат Аманбаев зерделеп көрді.
Тура бір аптадан соң Павлодар, Ақсу және Екібастұздағы әлеуметтік нысандарға
жылу беріледі. Жазда осы үш қалада жеті жылу магистралі ауыстырылды.
Ержан Иманзаипов, энергетика ТҮКШ
басқармасының басшысы:
Облыстың үш қаласында күзгі гидравликалық сынақтар жүргізілді. Оның нәтижесінде 202 ақау анықталды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы ақауларды жою үшін 64 бригада және 33 бірлік техника дайындалды.
Қазіргі уақытта орамішілік жылу желілері жаңартылып жатыр. Осының арқасында
Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалалары ыстық сумен толық қамтамасыз етілді.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің қысқа дайындық деңгейі 98%, ал әлеуметтік нысандар
100% дайын.
Асайын Байханов, Павлодар
облысының әкімі:
Бірінші кезекте қазір Павлодар қаласының магистральдері жаңарған. Енді осы аула ішілік желілерді жаңартуға кірістік. Сол аулаішілік желілерді жаңартуды дәл сондай тәжірибемен Екібастұз қаласында жүргізу керек.
Қалада ғана емес, өңірдің шалғай аудандарында да қысқы маусымға дайындық қарқын
алды. Мәселен Железинка ауылындағы нысандаодың 50% жуығы орталықтандырылған
жылу желісіне қосылған. Биыл қазандықтарды жөндеп, шіріген желілерді ауыстыруға
300 млн. теңге қаржы бөлінді.
Әділ Әділбеков, аудандық «Көмек»
КМ басшысы:
Әбден тозып кеткен 1,5 шақырым жылу желілері ауыстырылды. Диаметрі үлкен құбыр салдық. Екі қазандық күрделі жөнделді. Дәл осындай көлемде қаржы бөлінуі бірінші рет. Алдағы қыс қорқынышты емес, былтыр қиын болған еді.
Жылумен жабдықтау инфрақұрылымын кешенді жаңғырту жұмыстары «Энергетикалық және
коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Қазірдің
өзінде қысқы жылыту маусымына қажетті көмір қорының 70 пайыздан астамы
дайындалған.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32