Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
«Әлеуметтік желіде бейәдеп контенттің жариялануын тоқтату керек. Адамның ар-намысын қорлайтын және қауіпті пранк үшін жауапкершілікті күшейтуді сұраймыз». Депутат Жарқынбек Амантай Үкіметке осылай деп сауал жолдады. Ол кейбір стримерлер табысқа кенелу үшін әдейі жанжал ұйымдастырып, арандатушылық әрекеттерге баратынын айтты. «Заңға қайшы эфирлерді жедел анықтап, бұғаттап отыратын мемлекеттік органды жасақтау керек. Бұл мекеме TikTok, Instagram, YouTube секілді платформалармен бірлесіп, жұмыс істеуі тиіс», дейді депутат.
Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Құрылтайының депутаты:
Үкіметтен «треш-стриминг» ұғымын заңнамалық тұрғыдан нақты айқындап, зорлық-зомбылықты, қауіпті пранктерді, қорлау мен әдейі арандатушы әрекеттерді тікелей эфирде насихаттағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді, контентке тұрақты мониторинг жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастырып, оның нәтижелері бойынша қоғамға ашық ақпарат беруді сұраймыз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17