Алматыда қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканың келешегі талқыланады
Алматыда Қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканың келешегі талқыланады. Бірер минут бұрын Орталық Азиядағы ірі Central Asia Fintech саммиті басталды. Жиынға банк, қаржы және технология саласының мамандары, халықаралық сарапшылар қатысып жатыр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Негізгі талқыланатын тақырыптардың қатарында цифрлық валюталар, жасанды интеллект, ашық банкинг, бірыңғай QR төлем жүйесі, блокчейн, киберқауіпсіздік және цифрлық активтер бар. Саммит бағдарламасында қаржы нарығының алдағы он жылдағы даму бағыты, төлем банктерінің жаңа моделі және банкаралық мобильді төлем жүйесі талқыланады. Сонымен қатар жасанды интеллектінің орталық банктер жұмысына ықпалы қаралады. Ал саммиттің тағы бір маңызды тақырыбы – цифрлық экономикадағы алаяқтыққа қарсы күрес. Бұдан бөлек, финтех стартаптар арасында арнайы байқау ұйымдастырылады. Тақырып өзекті және ауқымды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл саммитке офлайн және онлайн форматта жалпы 4 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарында 120-дан астам сарапшы мен спикер бар.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17