Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
Қаржылық мониторинг агенттігі Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына бөлінген 223 миллион теңгенің жымқырылғанын анықтады. Демеушілік қаражат бастапқыда күйік бөлімшесін ашуға бағытталған. Жауаптылар оған арнайы медициналық жабдықтар сатып алып, мамандарды оқытуы тиіс еді. Алайда кейін жоба шарттары өзгеріп, қаражаттың басым бөлігіне небәрі екі төсек-орын сатып алынған. Тергеу дерегінше, күдіктілер жабдықтарды алуға 92 миллион теңге жұмсап, қалған қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған. Қазір бұл іске қатысы бар бірнеше лауазымды шенеунік пен өзге де күдіктілерге қатысты тергеу басталып, 3 адам қамауға алынды.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Бұл ретте сатып алу заң талаптарын айналып өтіп жүргізілген. Өйткені мұндай бағадағы медициналық техниканы заңнамаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу қажет. Тергеу дерегінше, заңсыз іске қалалық аурухана директорының орынбасары, «Жарылқау» қоғамдық қорының басшысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары және өнім беруші қатысы бар.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17