Астанада мамандар отбасы институтының өзгерісін талқылады
Қоғам өзгерген сайын отбасының да келбеті өзгеріп келеді. Астанада мамандар дәуірлер тоғысындағы отбасы институтының өзгерісін талқылады. Қазақстандағы неке-отбасы қатынастары, туыстық байланыс пен бала тәрбиесіндегі дәстүрдің орны сараланды. Сарапшылардың айтуынша, отбасы – құндылықтар қалыптасып, ұрпаққа берілетін ең маңызды орта. Бірақ бүгінгі өмір салты мен әлеуметтік рөлдердің өзгеруі жанұядағы қарым-қатынасқа жаңа талап қойып отыр. Сондықтан дәстүрді сол күйінде сақтау ғана емес, оның мәнін жоғалтпай, заманға бейімдеу маңызды. Ұрпақтар сабақтастығын үзбей, отбасы құндылықтарын жаңа буынға жеткізу – басты мақсат, деді жиынға қатысқандар.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері жөніндегі ұлттық
комиссия төрағасының орынбасары:
Дәстүрлі сақтау үшін әулеттің ұрпағы отырып, дастархан басында бір тақырыпқа сөйлесе алса, онда бұл жерде ұрпақтар сабақтасы сақталған деп есептеледі. Сондықтан ата-анасы, әкесі-баласы, сөйлесетіндей жағдай жасау - үлкендердің де, орта жастағылардың да міндеті.
Эльмира Отар, Қазақстанның қоғамдық даму
институты отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының
директоры:
Бүгінгі шара Отбасы күніне арналған. Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні. Біз қазіргі кезде отбасы апталығын жасап жатырмыз. Отбасы құрудың орташа жасы 27,5. Яғни 27, 28 жаста. Қазақстанда орташа осы жаста отбасын құрады екен. Яғни бұл тенденция қалаға көшумен, урбанизация әсері, тұрмыс-тіршілік бар.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17