Павлодарда мұз кешенін салуға ₸19,9 млрд бөлінді
Үкімет Павлодарда мұз кешенін салу үшін 19,9 млрд.теңге бөлді. Осылайша Құрылтайдың бірінші сессиясында Президент тапсырған міндеттер аясында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Павлодардағы көпфункционалды Мұз спорт сарайы пайдалануға берілгеннен кейін қысқы спорттың бірден бес олимпиадалық түрі, конькимен жүгіру, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және керлингті дамыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңа спорт секциялары ашылады. Кешеннің жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады.
Талғат Сәкен, дене шынықтыру және
спорт басқармасының бөлім басшысы:
Мұз сарайын салу құрылыс жұмыстары тамыз айында басталды. Аяқталу мерзімі желтоқсан айында 2027 жылы жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Павлодар облысына келген сапарында берген тапсырмасын орындау барысында осы жұмыстар атқарылып жатыр.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32