Биыл көмір тапшылығы болмайды
Биыл жеке сектор тұрғындары үшін көмір тапшылығы болмайды. Есеп бойынша, ел азаматтарына 7 миллион 300 мың тонна қатты отын қажет. Энергетика министрлігі көмірдің соңғы тұтынушыға дейінгі жеткізілуін бақылауда ұстайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ведомство өкілі мәлімдеді. Жалпы биыл жылыту маусымына дайындық аясында энергетикалық нысандарды жөндеуге 384 миллиард теңге қарастырылған. Бұл былтырғыдан 9 пайызға көп. Жоспар бойынша 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жөнделеді. Қазірдің өзінде 50 нысандағы жұмыс толық аяқталған. Энергия көздерінің отын қоймаларында 4 миллион 200 мың тонна көмір және 137 мың тонна мазут жинақталған.
Ернар Хасенов, ҚР Энергетика министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
Бүгінде жылыту маусымын бастауға қажетті негізгі жабдықтардың дайындығы қамтамасыз етілді. Жөндеу жұмыстарын бақылау және жылыту маусымының басталуы бойынша өңірлер, энергетикалық кәсіпорындар және уәкілетті мемлекеттік органдармен үйлестірілген жұмыс жалғасады. Әрбір энергия көзі мен инжинерлік инфроқұрылым бойынша жағдай тұрақты мониторингте болады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17