Павлодарда үш мыңнан астам адам банкрот деп танылды
Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы жайлы заң күшіне енген күннен бастап Павлодар облысында 18 мыңнан астам адам өтініш берген. Төлемге қабілетсіз болып қалған 3361 азаматтың борыш жүктемесі алынып тасталды. Қазіргі уақытта тағы 56 жеке тұлғаның банкроттығы қаралып жатыр. Өңірде қаржылық міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайға тап болғандардың көпшілігі кәсіпкер немесе бюджеттік мекеме қызметкерлері емес, жұмыскерлер.
Ерсін Харифоллин, Мемлекеттік Кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Көбінесе банкротқа жұмыскерлер, үлкен кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар, көбі жанұялы отбасылар. Олардың қаржылық біліктілігі аз болғандықтан, несиені ала бергендіктен осындай жағдайға тап болып тұр.
Банкроттық туралы заңнама жұмыс істей бастағалы үш жылдан асты. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап рәсімдер жеңілдетілген. Мәселен, ломбардтар соттан тыс банкроттық кезінде кредиторлар қатарынан шығарылады, бұл азаматтардың көпшілігіне рәсімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек азаматтар борышы 1600 АЕК-тен аспаса және мерзімді қарызын қайтаруды 5 жылдан астам уақытқа кешіктірген болса мәселелерін бұрынғыдай 6 ай ішінде емес, 1 айда шеше алады. Департамент деректеріне қарағанда 350 мыңнан астам адам осы талаптарға сәйкес келеді екен.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17