Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
Қазақстанда үстел теннисі өте қарқынды дамып келеді. Ертең Астанада басталатын Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына қатысуға келген спортшылардың пікірі осындай. Биыл халықаралық додаға əлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысады. Президент кубогының басты жүлдесі 300 мың АҚШ доллар. Президент кубогы осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Халықаралық жарыс елордаға əлемнің үздік шеберлерін жинап қана қоймай, Қазақстанда осы спорт түрін одан əрі дамытуға, отандық спортшылардың шеберлігін шыңдауға жəне үстел теннисін жастар арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Осындай жарыстарды арнайы Қазақстанға әкеліп, өткізіп жатқанымыз біздің ұлттық құрамамыздың деңгейі жоғары болуы үшін. Спортшылар өзінің мансабында осындай үлкен додаларда жеңіске жетуді арман етеді. Сондықтан үкімет жан жағынан көмектесуде. Ұлттық құраманы жақсы деңгейде дайындауға тырысып жатырмыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32
Қазақстан мен Оңтүстік Корея ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек
15.09.2026, 10:12
Жастар Президент пайымына үн қосты
15.09.2026, 10:08