Басты Жаңалықтар Президент Hanwha Group вице-төрағасын қабылдады

Президент Hanwha Group вице-төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады. Кездесуде қазақ-корей инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығының перспективті бағыттары талқыланды. Президент Кореямен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда компания Кореяның халықаралық позициясы мығым жетекші бизнес топтарының бірі ретінде қарастырады. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын айтты. Сонымен бірге Hanwha Group басшылығына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Сондай-ақ Президент серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады және қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тиімді нақты жобаларға ұласатынына сенім білдірді. Ал Ким Дон Вон еліміздегі цифрландыру үдерісіне және түрлі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін ерекше ықыласпен қабылдағанын атап өтті. Айта кетейік, Hanwha Group 1997 жылы Қазақстанмен ынтымақтастықты бастаған алғашқы кореялық корпорациялардың бірі.


Бөлісу