Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
Қазақстанға Кореядан құйылған инвестиция көлемі 12 миллиард доллардан асты. Қазір елімізде корей капиталы қатысатын мыңнан аса компания жұмыс істейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-корей дөңгелек үстелінде екі елдің экономикалық байланысын жаңа деңгейге көтеруге шақырды. Бүгінде ортақ портфельде автомобиль құрастыру, машина жасау, металлургия және басқа салаларды қамтитын құны 4 миллиард доллардан асатын 51 бірлескен жоба бар. Былтыр Қазақстанда 170 мыңға жуық автомобиль өндіріліп, ұлттық рекорд жаңарды. Президент ендігі мақсат – бөлшек пен компоненттерден бастап дайын өнімге дейінгі өндірісті Қазақстанда жолға қойып, кең ауқымды Еуразия нарығына шығатын өнеркәсіп экожүйесін қалыптастыру екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Қазақстанда кореялық тұрмыстық техника өндірісі өркендеп келеді. Қазіргі кезде Samsung тұрмыстық техникалары жергілікті зауыттарда өндіріледі. Осылайша кореялық компаниялар елімізге көптеп келе бастады. Мақсатымыз – толықтай интеграцияланған, яғни бөлшектердің, озық материалдардың, электр құрал-жабдықтары мен электрониканың жергілікті өндірісін түгел қамтитын, кең ауқымды Еуразия нарығына қызмет көрсете алатын өнеркәсіп экожүйесін құру. Кореялық компанияларды осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстаннан өндіріс орындарын ашуға шақырамын.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17